Ынтымактан пайда болад
Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары тете қолданылатын егіз тіркестер.
«Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?
Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Мемлекет отбасыдан құралады. Әр отбасы өз ішінде ынтымағы жарасқан татулық сақтаса, еліміз де байы кедейіне қарасқан дамыған мемлекетке айналары хақ.
«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, барлық жетістіктерінің негізі» деп еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, елді көркейтуге үлес қосамын, мемлекетті жетістікке жеткіземін деген әрбір жан өзінен бастап, қисынды қоғамды құруға қатысады.
Ертең жеке шаңырақ, бөлек отау болғанда араласатын адамдарымыз – қазір бір кеседен су ішіп жүрген бауырларымыз. Солар үшін жан беруге де әзірміз. Әрқайсысымыз өз сыңарымызды тапқанда, оларды естен шығармай, қарайласып тұру үшін қазірден бастап өзімізді жанашырлыққа, бауырмалдыққа баулуымыз керек.
Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ. Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.
Әр адам өз отбасындағы береке-бірлікті басшылыққа алса, мемлекет те ризықты, табысты болады. Мемлекетіміздің мықшегедей мықты, кемірілмес күшті болуы – жастардың қолында. Қазақстан жастары «Ырыс алды – ынтымақ» сөзін әрдайым жадында жаттап, Мағжан артқан сенімді ақтайды!
Объяснение:
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.