Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!
Кітап асыл қазына .Кітап оқу арқылы адам өзін рухани байыта алады . Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры мол болады ,себебі кітапта нағыз мағыналы,мәнді сөздер жазылады . Кітаптың түрлері өте көп . Қандай да бір пәнді оқыту мақсатында жазылған кітаптар ,яғни мектеп оқушысына арналған . Сонымен қоса ақын жазушылардың жеке шығармалар жинағы жазылған кітаптары да бар. Кітапты барлығы оқуы керек , онда адамға қажетті ақыл -кеңестер өте көп . Кітапты жағып жібергеннен де жаман іс бар ,ол кітапты оқымау . Және де әр адам кітапты ұқыпты ,таза ұстауы міндетті .
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку