dina9992
09.01.2023 02:23

Меңгеруге мысал? меңгеру дегеніміз не?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
577656
10.08.2020 01:57

Меңгеру – синтаксистік байланыс түрлерінің бірі.

Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады. Басыңқы сыңар негізгі қызмет атқарады, осыған байланысты меңгеру:

есімді (бетегеден биік, жусаннан аласа);етістікті (ауылдан келді, аттан түсті),ортақ (айтқанын дұрыс көрді, жиырма күн мөлшерінде оралды) болып бөлінеді.

Есімдердің барлығы бірдей меңгеруде басыңқы сыңар бола бермейді, предикаттық қызметте жұмсалатын абстрактілі зат есімдер мен сапалық сын есімдер ғана басыңқы қызметте жұмсалады. Етістіктер табыс септігін меңгеруі негізінде салт және сабақты болып бөлінеді. Меңгеру толық сипатта да, жасырын түрде де келе береді (көрме аралады, кітапты оқыды). Меңгеру әр түрлі қатынаста жұмсалып, түрлі мағыналарды білдіреді.

Мысалы, барыс септігі арқылы жасалған меңгеру:

іс-қимылдың бағытын (оқуға кетті, далаға шықты);нысанын (балаларға айтты, кітапқа қарады);себебін, мақсатын (айтуға келді, баруға талаптанды) білдіреді


0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота