Саз алеврит мөлшерінің молаюына қарай алевритті құм , сазды құм болып ажыратылады.
Түстері[өңдеу]Құрамындағы тау жыныстарының, минералдардың және олардың сыртын қаптаған әр түрлі минералдық заттардың түсіне сәйкес құм ақ, сары, қоңыр, қара, қызыл, т.б. түсті болады.
Қасиеті[өңдеу]Құраушы бөліктерінің ірілігі әр түрлі және қуыстылығы жоғары (20%-дан астам) болғандықтан құм су, мұнай, газ сияқты заттарды бойына жеңіл сіңдіреді.
Құм құрамында алтын, платина, алмас, сапфир, лағыл, циркон сияқты сирек минералдар көп шоғырланса, пайдалы қазынды болып саналады.