Mari666a
10.06.2021 15:55

1. жолдасы көптің - олжасы көп. 2. өнерліге есік ашық. 3.ердің малы - елдің малы. 4. тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең əлем. 5.шебірлікке шек жоқ. осы сөйлемдерді сөз құрамына талдау. ( түбір,жұрнақ, жалғау)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
TanyaNef
05.10.2020 12:15

Берілген сөйлемдердегі сөздерді сөз құрамына талдау:

1) "Жолдасы көптің – олжасы көп".

Жолдас – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

көп – түбірі (үстеу),+тің – ілік септігі жалғауы;

олжа – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

көп – түбір сөз (үстеу).

2) "Өнерліге есік ашық".

Өнер – түбірі (зат есім),+лі – зат есімнен сын есім тудыратын сөз тудырушы жұрнақ,+ге – барыс септік жалғауы;

есік – түбір сөз (зат есім);

ашық – түбір сөз (сын есім).

3) "Ердің малы – елдің малы".

Ер – түбірі (зат есім),+дің – ілік септігі жалғауы;

мал – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

ел – түбірі (зат есім),+дің – ілік септігі жалғауы;

мал – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы.

4) "Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем".

Тіл – түбір сөз (зат есім);

өлше – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы,+сіз – етістіктен сын есім тудырып тұрған сөз тудырушы жұрнақ;

қазына – түбір сөз (зат есім);

өріс – түбірі (зат есім),+і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

кең – түбір сөз (сын есім);

әлем – түбір сөз (зат есім).

5) "Шеберлікке шек жоқ".

Шебер – түбірі (зат есім),+лік – сөз түрлендіруші жұрнақ,+ке – барыс септігі жалғауы;

шек – түбір сөз (зат есім);

жоқ – түбір сөз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота