Объяснение:
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан 68 мың км2 әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.
Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Зайсан көлі — Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.
Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды.
Марқакөл — Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.
Бұл жердегі Батыраш- Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер"поэмасындағы Батыраш туралы.Батыраш кім?Батыраш қаныпезер ,зұлым адам.Автор Батырашты:
Батыраш бала жастан атқа құмар,
Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой,ата-намыс ұр-шоқпары,
Кір көңіл,сарайының батпағы бар.-деп суреттеген.Құлагер поэмасындағы жағымды кейіпкер- Ақан серіге қарама -қайшы кейіпкер.
Құлагердің өліміне себепкер зұлым адам.Батыраш сол заманның зұлым күші.Ол арам ниетін ашық жүргізбейді себебі Ақанды жақтайтын бүкіл елден қорқады.Сондықтанда арам ісін бұқпантайлап,елге білдірмей жүріп бітіреді.Поэмада Батыраштың зұлымдығы оқиғаның шиелінескен тұсында және шешуші тұсында көрінеді.Заманында бір келер тұлпарға зұлымдық жасайды.Құлагер-Ақанның сұлулық идеалы болған.Тұлпармен бірге Ақанның әсемдігі,көркемдігі қоса кетті.Осының бәріне кінәлі Батыраштың қалай бағы жанған?Қай заман болмасын зұлымдық,зұлым күші бақ болмаған.Батыраш Құлагерді өлтіріп дүйім елге жағымсыз кейіпкер ретінде танылған адам.Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы сол замандағы күллі жағдайды көркемдеп суреттей білген,тартымды шығармалардың бірі.