Қырық күн болды қыс кіргелі, Ауыр нәубет жетті елге. Кетіп қалды құстың көбі Басқа мемлекеттерге. Ода оқиды қарға таңнан Мәртебелі кысты ән ғып: «Мен хан едім арғы атамнан, Құл еді, - деп, - құс барлық». Айтсын қарға, десін құзғын, Сайран етіп кең ішін. Ерте кеткен есіл күздің Қырқы бүгін мен үшін.