Қоян – сүт қоректілердің бір тұқымдасы , 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар . Бұлардың ішінде тез жүгіруге , ін қазуға , жүзуге , ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі . Салмағы 0,1 — 4,5 кг , дене тұрқы 12 – 75 см , Мадагаскар аралы , Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы , Антарктидадан басқа барлық жерде таралған . Шөп , ағаш қабығын , бүршігін , бұтағын жейді . Жылына 4 рет 2 – 8 ( кейде 15 ) көжек туады . Тұрақты іні болмайды , көжегі жүндес , бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады , бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді . Үй қояны ғана ін қазады , топ - топ болып тіршілік етеді . Көжегі көзі ашылмай , өте дәрменсіз , қызылшақа болып туылады . Кәсіптік маңызы бар , әуестік үшін де ауланады . Қоянның кейбір түрлері жайылымға , жеміс бағына , жас орманға үлкен зақым келтіреді . Кейбіреулері індет таратады . Қазақстанда кездесетін 3 түрі ( ақ қоян , құм қоян , ор қоян ) бар . Ақ қоян , негізінен , қалың қар түсетін Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда , Қарағанды ,Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп , ал Батыс Қазақстан , Ақтөбе , Алматы облыстарында сирек кездеседі . Жыл бойы жайылым жағдайына , қардың түсуіне орай , жыртқыштардың азды - көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады .
«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі.
Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.