Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.
Салауатты өмір салты Әр адамның өмірде ұстанатын өз қағидалары,өз таңдау жолдары болады.Өмірдің әр бір сәтіне қуанып,көтеріңкі көңіл-күймен,сау-саламат,бақытты өмір сүру үшін әр адам салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн.Салауатты өмір салты дегеніміз не?Салауатты өмір салты дегеніміз ең алдымен-өмірге позитивті жақпен қарай білу.Спортпен айналысып,зиянды әдеттерден есірткі,алкогольді ішімдіктерді,темекіні қолданудан аулақ болып,өзің үшін жақсы жолды таңдау деген сөз,Салауатты өмір сүру жолдары тіпті де қарапайым.Ол үшін жеміс-жидектер,дәрумендерді жеп,өз денсаулығыңа мән беріп,өзіңді-өзің күтуің керек. Мен де салауатты өмір салтын қолдаймын.Қолымнан келгенше зиянды әдеттерден бас тартамын,кешке дене жаттығуларын жасаймын.Қолымнан келгенше,көңілді жүруге тырысамын. Салауатты өмір-өмірдегі басты ұстаным!!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку