Менің болашақ мамандығым
Менің болашақта полиция қызметкері болуды армандаймын, себебі біздің отбасымызда атам да, әкем де, үлкен ағам да полиция қызметкерлері - бұл да менің келешек мамандығымды таңдауда өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Полиция қызметкерінің жұмысы аса қауіпті әрі ауыр, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі сен ел мүддесін жоғары қойып, қашанда қызмет етуге дайын болуың керек. Қоғамдағы тәртіпті сақтап, тынымсыз еңбек етуің керек.
Полиция қызметкері болу үшін денсаулығың да мықты болып, спортпен шұғылдану керек. Бұл қызметті тек шыдамды, аса жауапты, адал адамдар таңдау керек.
Мектеп бітірген соң арнайы жоғары оқу орнына түсіп, болашақта ел мүддесін қорғайтын жауапты полиця қызметкері болғым келеді.
Ана тілім - мақтанышым.
Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мен өз тіліммен мақтанамын!