Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы
Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы зор. Біріншіден, кейбіреулері дәрілік болса, енді басқалары тамақ үшін, түрлі бояулар, құрылыс материалдарын жасауға пайдаланылады.
Өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдік суда өседі, тауда да өседі, таста да өседі, құмды, шөл далада да өседі екен. Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біреуі шөлді ұнатады, яғни су аз жерді, біреуі суды, ал біреуі көлеңкені ұнатады. Біреуі қатты аязға шыдаса, біреуі аз суықта өліп қалады.
Өсімдіктер ауаны тазартады. Зиянды улы газдарды жұтады, оттегін бөліп шығарады. Айналаға көрік сыйлайды
Объяснение:
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.