2. Әділ Кештетпей уақыттан, Төрт рет тамақтан. Жалқаулықты қуатын, Артады қуатың. Осындай ереже, Түрлентер өмірді. Тәрбие беріп ол, Көтерер көңілді. 3. Мадина: Ояндың 4. Ақжігіт: Сүт пен ірімшік, Қаймақ бар, айран бар. Бұлармен дос болмай, Аласың қайдан нәр? Сиырға алғыс айт, Ол саған осындай. Сан түрлі ас берген, Ең жақын досыңдай! 5. Асар: Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс. Бойына жинаған, Дәруін алып өс. Ақыл мен көркімді, “Толтырды”- дегейсің. Қарсы алып әр күнді, Сүйсініп жегейсің! 6. Жансар: Ата - Ана, құрметті, Жек көрер кім етті?! Мен өсіп келемін, Балық пен тауық бер, Күніне бір мәрте, Бұларды тауып бер! 7. Еламан: Ботқаны дайындар, Әр түрлі жармадан. Диқандар дән егіп, Еңбегін арнаған. Нан – тағам әл берер, Қуаттың қайнары. Ер жетіп өсуге, Бұл тағам пайдалы!
8. Аружан: Көп сусын ішесің, Күн ысып, жаз болса. Пайдасы жоқ оның, Ішінде газ болса. Шырын мен таза су, Асыңды қортады. “Химия” қосылса, Асқазан “қорқады”.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку