богдана135
01.08.2022 05:02

Рассказ на казахском я зыке. казак тылы кабинетты

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
андрей12212
01.01.2023 13:13

Менің Отаным Қазақстан.  

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.

Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
xap2
24.12.2020 14:36
Менің арманымдағы үй
   Менің үйім кең және жарық болады. Менің үйімде 3қабат болады. Аула іші үлкен. Өзен жағасында орналасады. Ауланың ішінде гараж, әдемі орындық, үлкен бассейн және демалыс орны болады.
     Бірінші қабатта менде ас үй, жуынатын бөлме,зал және демалу бөлмесі(тірі бөлме) онда көп өсімдіктер орналасады. 
     Екінші қабатта 4бөлме болады. Бірінші бөлме ата-аналар бөлмесі, екінші бөлме балалар бөлмесі, ал үшінші бөлме қонақ бөлмесі және төртінші бөлме жануарлар бөлмесі.
    Үшінші қабат - түгелдей дерлік ойын бөлмесі. Бұл бөлмеде көтеген ойын приставкалары болады және ішінде салқын сулары бар тоңазытқыш болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота