Үйде отырады, жатпайды, Көзін терімен қаптайды. Жазда бекер тұрса да, Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/. Далаға отау тіктім қонақ үшін, Қонақ кісім ақылы шолақ үшін, Қонақ қонып жатқанда үй жығылып, Үй үстінде қалыпты қонақ кісім. /Бүркіт/. Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің бәрін алмақ. Өзінің тілі бар да тістері жоқ, Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. /Бүркіт/. Таудан тоқым лақтырдым. /Бүркіт/.Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім, Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім. /Бүркіт/. Айуан екі аяқты, асқан батыр, Басына о батырдың тіккен шатыр. Шешерсің дана болсаң бұны біліп, Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда, Бір айла адамзатта болып жатыр. /Бүркіт/.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку