Объяснение:
Нұр-Сұлтан-біздің мемлекетіміздің ең көрікті қалаларының бірі екеніне көзіміз әлде қашан жеткен.
Бірақ сол көркеюіне барлығының үлесі тиді ме?Мен өз үлесімді тигізгім келеді!Мен не істей аламын?
Мен,ол қаланың тым болмағанда тазалығын сақтауға көмегімді тигізе аламын немесе ол қаланы басқа мемлекет туристтеріне жарнама қылып жеткізе алам жәнеде өзім ғана емес барлық жас балаларды осы қайырымды істі жасауға шақырам.Себебі:Елдің көркеюінің өзі бір каладан басталады,ал ел көркеюі біз үшін өте маңызды.
Көмек жөніне келсек,біз майда қоқыстарды теруге өз көмегімізді тигізе аламыз,жарнаманы жасау ол тіптен оңай:біз жай ғана қала суреттерін социалды сеттерге салсақ және оның қандай көрікті екенін көрсетсек болғаны.
Міне мен өз жоспарымды жасадым,енді оны қолға алу ғана қалды және бәріңізді елімізді көркейтуге шақырамын!
Жайлау
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.
Объяснение: