Қимыл–сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғынын білдіретін сабақтастың түрі.
Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Не етіп?
Мысалы:
Осы жылы қуаңшылыққа қарамай, өңірімізде егін жақсы шығыпты.
Ол алды - артына қарамастан, қалың орманға қарай жүгіріп кетті.
Екі қолы дірілдеп, Арман медбике бөлмесіне кіріп барды.
Даладағы адамдар оны естіп тұрғандай, Санжар қатты сөйледі.
Мақсат су ішіп, шөлін қандырды.