Бір күні атасынан немересі келіп былай деп сұрайды:
-ата айтыс деген не?екі адам неге бір-бірімен айтысады?-деп сұрайды.
Сонда атасы:
-Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы-деп жауап береді.
Айтысқа қызыққан немересі
-Ата айтыстың қандай түрлері бар? 'деп сұрайды.
Атасы ойланбастан
-Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:
1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы; Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар- деп жауап қайтарып
немересінің айтысқа деген көзқарасын артырады!
қазақтың ұлттық тағамдары . ұннан жасалатын ересек ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде 600-800 грамға дейін нан жейді. нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен аздаған май бар. бұл – нан күніне 600-1000 килокалория энергияны қамтамасыз етеді деген сөз. демек, тіршілік қызметіне қажетті бүкіл энергияның ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейінін наннан алады. нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға дейін белок бар. нанды көп жейтін болғандықтан, оның құрамындағы өсімдік белоктары ң белок жөніндегі жалпы қажетінің кемінде 20-30 пайызын қамтамасыз етеді. нан – ас атасы. ол бидай ұнынан жасалады. нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. нанды бір қолмен үзіп жемейді. қазақтар нанды қасиетті санайды. мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ. қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші. шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. таба нан – тапаға салып пісіріледі. пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.