НектоПожизни
07.12.2020 22:26

Мәтін бойынша терминдер мен олар туралы ұғымдарды сәйкестендіріңіз. ақпараттысызба не шартты белгілер түрінде ұсыныңыз. ғылыми графика, конструкторлық графика, өнертапқыш, теледидар, жазықтықтағы кескіндер, жарнамалық роликтер, өндірістік есептер, видеодәрістер, символдық режим, іскерлік графика, компьютердің жады, есеп құжаттары, графикалық редакторлар, статистикалық есептер, жарнамалық графика, жұмыс істеу ғы, электрондықкестелер, мультфильмдер, инженер-конструктор, компьютер экраны, архитектор, суреттеу графикасы. 25 ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
захар188
06.11.2020 02:40

Күйші туралы.

Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.

Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.

Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.

Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kbvovap0drsr
21.03.2021 18:03
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін, Әлихан Бөкейхановтың кеңесі бойынша ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Бұл туралы құнды де¬ректі 1915 жылы “Қазақ” газетінде жария¬лан¬ған Кәкітайдың қазасына байланысты жаз¬ған  мақаласында: “1904 жылы Абай мар¬құмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым” деп Әлекеңнің өзі жеткізеді (Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған да Әлекең екені белгілі).
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен. 
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды  қайталап жатудың қажеті шамалы.  “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың,  біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі   қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота