Біздің көктем. Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы. Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек, Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку