Егор200417
01.11.2020 05:50

АЙТЫЛЫМ О ЖАЗЫЛЫМ осы белім бойынша алған бiлiмiндi қорытып жаз. 6-тапсырма. Мәтiндi окы. Мәтін негiзiнде Саяхаттауды демалыспен шатастырмайық Біз үйде уақыт өткізуді «демалыс» деп айтамыз. Туркияға немесе сондай туристік инфрақұрылымы дамыған елдерге барып келу де демалыс бола алады. Ал саяхат демалыс емес. Сіз онда ауыр жүкпен тауға да шығасыз, ұзақ жол да жүресіз, тропикалық ормандарда терлеп-тепшіп, тундраларда тоңасыз. Онда мұны демалыс деуге бола ма? Сонымен қатар кейбір саяхаттар өте қиын болуы да мүмкін. Мұндай саяхат адамды қажытып, шаршатып, жүйкесін жұқартады. Саяхаттың қиындығы туралы әңгіме басқа, десе де, саяхаттаудың демалыс емес екенін ұғу керек. 1

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
suchilinaelya
30.04.2023 16:34
Жануарлар туралы жұмбақтар
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары
Ғашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)

Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)

Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)

Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол-ақ. (Зебра)

Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)

Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты)

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)

Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп. (Тасбақа)

Доп пішіндес тасты
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс)

Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес. (Серке)
0,0(0 оценок)
Ответ:
kseniafilipovich09
12.05.2023 16:56
«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота