жандосЕУ
07.12.2020 02:56

керi шегiндi де, оң қолы найзағайша жарқ ете түсті. Жұрт сілтідей тынды Роберт таза жеңіске «Роберт қалайда жеңілмеуге бел буды. Боксшылар бір-бірімен жақындаса бергенде, Роберт кілт Берілген үзіндеден көркемдегіш құралдарды аныктап, талдаңыз. жетті». Көркемдегіш құралдың қай түрі? турауты тіркестер Тенец Мысал Бел буды, сілтідей тындй Hanzeraciun 25 Түсіндірме Туракты тіркестер [4] о часбин коп создерди Silgiplmin eli немесе тіркесуіне seurther congee moeth умени Тенец зайти нарсені зубылысты vylie Jammas izvelcemy by doublemass nophlegit Grill Canacou koncememiss. f [6]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AXMED2001
17.12.2021 12:03

Алтын адам туралы диалог

- Аға, сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсің бе, Аспандияр! Қалың қалай, сабағың қалай?

- Бәрі жақсы, аға. Рахмет. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр еді.

- Әрине, айта бер. Қандай көмек?

- Тарих сабағынан «Алтын адам» тақырыбына баяндама жасауым керек еді.

- Жақсы. Көмектесейін. Қандай сұрақтарың бер, сұрай бер?

- «Алтын адам» зираты қашан және қай жерден табылды?

- 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі табылды.

- Зиратты тапқан археолог кім?

- Зиратты археолог К.А. Ақышев тапқан.

- «Алтын адамды» қысқаша сипаттап берсеңіз?

- Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

- Деректерге сүйенсек, «Алтын адам» қай заманда өмір сүрген?

- Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.

- Көмегіңізге көп рахмет, аға!

- Оқасы жоқ, бауырым!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Danyaukos
09.10.2021 18:03
"Астана-менің мақтанышым!"

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.

«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.

Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота