Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды. өзіңе керекті жерлерін жазып ал
Адәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. олар - сәбіз, қауын, қызанақ, қ майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. құрамында а дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. оларды ыстық сумен жумайды. а дәрумені көздің көру процесіне қатысады. бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен. в1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг в1 дәрумені қажет. в2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, қ, көкөністерде кездеседі. бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. ол жетіспесе жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. салқын кезде және ыстықта ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі. оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал. дәрумендердің в тобына бұл аталғандардан басқа в6, в12 түрлері де жатады. олардың да өзіндік әсерлері бар. в6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. ересек оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді. в12 дәруменінің қ рөлі өте зор. оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан ға өте пайдалы. көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады. с дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. тағамда с дәрумені жеткіліксіз болса, қырқұлақ ауруына шалдығады. қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды. с дәрумені суда ериді. сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. с дәрумені итмұрында аса көп. соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. суға езіп, тұнбасын ішеді. негізінде ға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде с дәрумені қажет. д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, қ майы құрамына енеді. д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды. осы аталған дәрумендермен қоса е, к, рр, р деген дәрумендер де ағзаға үлкен әсер етеді. е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады. к дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. к дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне ға 0,2-0,3 мг к дәрумені қажет. рр дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б. рр зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. ағзасының бұл дәруменге деген қажеттілігі күніне 15-30 мг. ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді. р дәрумені (биофлавоноидтар) аскорбин қышқылына ұқсас. сондықтан ол с дәрумені бар тағамдардың құрамында жиі кездеседі. оның қ қасиеті - ұсақ қан тамырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайту. р дәрумені шайдың құрамында көп. сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. шайдың маңызын осыдан көруге болады
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку