Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін. Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек. Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы, Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді, Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
1 МАМЫР-Қазақстан халқының бірлігі күні.Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар біздің елде тұрса да, өз тілінде сөйлеуге және салт-дәстүрін сақтауға ерікті.Қазақстанда туып өскесін олар менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық халықтар достастықта және ынтымақтастықта өмір сүруге тиісті. 1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы, татулығы біздің жарқын болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын. Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку