Зат есімдердің көптік жалғауы (Множественное число существительных):
Множественное число существительных в казахском языке образуется при окончаний -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер.
Мысалы: бала-лар, кітап-тар, дерек-тер
Пример разбора по падежам (Мысалы):
Ит сөзі (Слово собака)
А.с. (не?) ит. Ит - ең жақсы дос!
І.с. (ненің?) иттің. Иттің ойыншығы еденде жатты.
Б.с. (неге?) итке. Мен итке сүтті бердім.
Т.с. (нені?) итті. Алексей көршілестік итті жақсы көреді.
Ж.с. (неде?) итте. Итте әдемі бір шүйке жіп бар.
Ш.с. (неден?) иттен. Мысық ашуын иттен алады.
К.с. (немен?) итпен. Ол итпен ойнайды
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...