Маған қымбат жандар
Менің ойымша, адам өмірінде қымбат та, асыл жандар жетерлік, бірақ солардың ішінде тек біреуін ғана атап, қалғандарын бөліп тастау мүмкін емес секілді, себебі жүрегімізде әрбір жанның алар орны ерекше. Дегенмен, кімнен сұрамасақ та, ең әуелі барлығымызға АНА қымбат деп ойлаймын, себебі аналарымыз біздерге жарық дүние сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.
Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.
Мен үшін қымбат жандар тізімінде әрине бірге туған бауырларым да бар. Олар әрқашанда мені демеп, басыма ауыртпалық түскен кезеңде қолдау көрсетіп, қызық пен қуанышты бірге бөлісетін жандар. Ата – анамыз бізге «әрқашанда тату болыңдар» деп үйретіп отырады.
Әрине, туыс – туғанымыз бізге әрқашан да жақын, әрі ыстық көрінеді, дегенмен адал достың да мен үшін маңызы аса зор. Менің қуанышымды үдетіп, кайғымды азайтатын осы адал достарым.
Жүрегіме қымбат асыл жандарға «Әрқашан аман - сау жүріңіздер!» дегім келеді.
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат -Астана экономикалық форумы заманның ең өзекті мәселелерін қамтитын сындарлы диалог үшін таптырмас алаңға айналды.
Бүгін елордада өтіп жатқан V Астана экономикалық форумына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның құттықтау-хатын оқып берген БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Ша Цзуукан осылай мәлім етті.
Соңғы бес жылда Астана экономикалық форумы басты экономикалық мәселелерді талқылауда, халықаралық ынтымақтастықты нығайту қадамы бойынша аса маңызды жиынға айналды. Жаһандық қатысушылардың мемлекеттік сектор өкілдері, ғалымдар, бизнес, экономика, мәдениет өкілдерінің басын қосатын форум заманымыздың ең өзекті мәселелерін қамтитын сындарлы диалог үшін таптырмас алаң болып табылады. Бүгінгі заман - терең қайта құрылымдаулар мен қатерлер заманы. Бүгінгі әлем айтарлықтай проблемалармен бетпе-бет келіп отыр: климаттың өзгеруі, экономикалық теңсіздік, жұмыссыздықтың күрт өсуі. Көптеген елдер қолданыстағы тәртіпке үміті мен сенімін жоғалтуда. Халықаралық және ұлттық институттарға сенімсіздіктер де баршылық. Ал қазіргі уақыттағы ойын тәртібі барлық қатысушылар үшін теңқұқылықты қамтымауы да мүмкін. Дегенмен, бізге ортақ күн тәртібін қалыптастырып, сол арқылы орнықты, әділ, қауіпсіз, еркін әлемді қалыптастыруға тиіспіз. Бұндай қатерлермен жұмыс істеу бізден шығармашылық ой-сана мен көп жігерді талап етеді. Өйткені, 2030 жылға қарай әлемге қазіргіден 50 пайызға артық азық-түлік, 40 пайызға артық энергия, 30 пайызға артық су мен миллиардтаған жақсы жұмыс орындары қажет етіледі. Бұндай қатерлер бір-бірімен өзара байланысты. Сондықтан біз де өз саясатымызды, дағдарысқа қарсы шаралармызды үйлестіруіміз керек. Ал Рио+20 саммиті жаңа парадигмаларды әзірлеу үшін керемет мүмкіндік болғалы отыр. Сондықтан да, мен Астанада бас қосқан барлықтарыңыздан осы бағыттағы жұмысымызды, біздің ортақ ұжымдық ісімізді жақсартуға көмектесетін ұсыныстар әзірлеуге шақырамын. Астана форумының қарарын қабылдайтындарыңызды ескере отырып, мен барлықтарыңызға жемісті пікіралмасу тілеймін, - делінген БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның хатында.
ну вот