Қазақтың ұлттық ойындары- ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықта қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығу жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына зор мән берген.
Объяснение: