qwerty882
07.08.2022 03:54

"Ұлпан" романының өздерің қалаған кейіпкеріне хат жазыңдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Carlso3000
07.12.2021 18:08

ответ:Жақсы кітап — жан азығы. Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Кітапты жазушы — халқы үшін, жастармен балалар үшін жазады. Егер окымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.

«Біздің заманда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жестпейді», — деген қате пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап оқуға қүнығуы керек. Әйтпеген күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуел кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы сол ырғақты тауып оқу қүнығудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп қүмартып оқуды жақсы көріп алады.

Объяснение: барлығы дұрыс

0,0(0 оценок)
Ответ:

«Менің арман мектебім» шағын шығарма.

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.

Енді бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші? «Менің арман мектебім қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейін. Әрине, ең алдымен жаңадан салынған не болмаса күрделі жөндеуден өткізілген, толықтай жаңартылған мектепте оқығанды армандаймын. Одан кейін – мектеп толықтай цифрландырылып, соңғы техникалық оқу – құралдарымен, зертханалық кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілсе деймін. Одан кейінгі тілегім, шетелдегідей қашықтықтан оқыту технолоиясы енгізілсе, тіптен керемет болар еді. Мысалға, ауырып қалған күндердің сабағын үйден отырып оқып, дайындалсаң, құрбыларыңнан еш қалмайсың.

Қазірге бұл арман болып көрінгенімен, жақын болашақта мүмкін болады деп сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота