Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?
Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.
Пікір. Қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін оған егістікті өз қолына алуға тура келді.
Дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден Қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.
Мысал. Кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың балаларын бағуы немесе жетім қалған балалардың бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. Мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.
Қорытынды. Он төрт жасар жігіт тақырыбында Қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. Бұл нағыз қайсарлық деп білемін. Қарап отырсақ Қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.
Объяснение:
Дұрыс
Объяснение: