marina4010
17.06.2021 15:53

Айтылым Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]

Ұсынылатын тақырыптар
1. Менің сүйікті спортшым.
2. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалар.
3. Еліміздің қазба байлықтары.
4. Болашақта өте қажет болатын мамандықтар.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vladgoncharov2p01aun
26.05.2020 17:56

Тілім өшсе менде бірге өшемін, тілім өссе менде бірге өсемін» деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – біздің байлығымыз, қазынамыз. Халық тілімен бай, дінімен бай. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Әрине қуанамыз. Бірақ, мемлекетімізде тұратын қазақтар саны еліміздің 60 пайызын құраса да әлі таза қазақша сөйлей алмай келеді. Шынымен, бұл менің жүрегімді ауыртады, алаңдатады. Қазақ тілін оқытуда көп жоспарлар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында қаншама ғалымдар мен ұстаздар маңдай терін төгіп, тілді меңгертудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын жасап жатыр. Осыған қарамастан тілді меңгерту баяу жүзеге асып жатқандай ма, қалай?

«Оқу инемен құдық қазғандай» деп тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қайратпен жұмыс жасауды талап етеді. Сол үшін еңбек етіп жатырмыз да. Бірақ, менің ойымша, тілді үйрену, мемлекеттік тілде таза сөйлеу әр адамның жеке басына байланысты. Әр адамның Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі болып, мемлекеттік тілге деген мәртебесі болса ғана қазақ тілін үйреніп, меңгере алады деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
omarova06
24.03.2023 00:21

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота