АЙТЫЛЫМ -тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, диалог құрыңдар. 1. Майсалбек кімнің ұлы? 2. Ол өз еркімен қайда кетті? 3. Соғысқа дейін Майсалбек кім болғысы келген еді? 3. Ол бір сағаттан кейін қайда кетпекші? 4. Майсалбек не себепті: «Бір сағаттан кейін жоқ боламын», 5. Майсалбек өлімін не себепті «өмір үшін өлім» деп атайды? дейді?
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннатыТарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды.
Қысқы киім! Қыс - ең суық жыл мезгілі, сондықтан адамдардың киген киімдері сәннен бұрын жылы болуы тиіс. Қысқы киімдер қатарына: бас киім, күрте, қолғап, етік және тағы басқалары жатады. Бас киім тек қана басты жылытып коймай, сонымен бірге құлақты да суықтан қорғайды. Күрте - дененің 70 пайызын жабатындықтан, ол міндетті түрде табиғи материалдардан жасалғаны абзал. Қолғап - қолдың тоңбауымен қатар, терінің құрғауынан сақтайды. Етік - адам денесінің температурасына толығымен әсер етеді. Жылы әрі сапалы етік киген адамның денесі еш уақытта тоңбайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку