
қазақстан Магниткасында Нұрсұлтан Назарбаев ерекше тұлға еді. Ол ақылды, сындарлы, шыныққан, өз жолы мен өз қадірін білетін жас еді. Ол металлургтер ішінде де ерекшеленіп те тұратын. Ол менен бұрын комсомол белсендісі болды, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысты. Ол туралы газеттер жиі жаза бастады, Қазақстан комсомолының Х съезіне, БЛКЖО-ның ХVІ съезіне қатысты, Бүкілдүниежүзілік ІІІ жастар фестиваліне делегат болды.
Бүгін толық сеніммен мынаны айтуға болады: кеңес кезінде жұмысшы мамандығы адамның өсуіне, ең бастысы – жастардың өз қабілеті мен талантын көрсетуге жақсы мүмкіндіктер берді. Бұған бүгіндер Қазақстанның даңқты адамдарына айналған көптеген бұрынғы жұмысшылардың өмірбаяндары дәлел бола алады. Нұрсұлтан Назарбаев басшылық лауазымға қызықпағанын кейін талай айтса да, бірақ ол дүрмектің ортасында қала алмас еді, өйткені оның лидерлік қасиеті үнемі алға бастайтын. Белсенді еңбек адамы, жастар жетекшісіне Теміртау қалалық комсомол комитетін басқару ұсынылды. Өз тәжірибемнен білемін, мұндай ұсыныстардан дені сау адам бас тартпаса керек-ті. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бас тартты. Мұнысын ол мұндай жұмысқа психологиялық жағынан дайын емеспін деп түсіндірді. Оны бюроға шақыртты, әдеттегідей қысымға алды, жаза да қолданды, бірақ көндіре алмады. Дәл осы тұста Назарбаев – тұлғаның бар болмысы менмұндалады. Ол БЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы С.П.Павловқа дейін жетіп, өз тарихын баяндады. Облыстық партия комитетінің бюросы қалалық партия комитетінің Назарбаевқа жаза беру жөніндегі шешімінің күшін жойды, ал бірінші хатшы Катковқа қатаң партиялық жаза қолданылды. Бірақ кейін Назарбаев Теміртау қалалық комсомол комитетін басқарды да. Өйткені, партиялық функционерлер оның лидерлік қасиетін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, алғырлығын көріп-білген еді. Бүгіндері бізге күнделікті өмірде осындай қасиеттер жетіспей жататыны өкінішті-ақ!
Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.
«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.
«Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев.