Ұрпаққа жарасымды есім беру - қазақ халқында ежелден келе жатқан, ізі суымаған игі дәстүрі. Есімдер тек адамды атау не шақыру мақсатында ғана қолданылмайды.Адамның есімі арқылы оның қандай жан екенін де жобалауға болада деседі.Бір есімнің өзінде үлкен тарих,өнеге жатуы мүмкін.Қазақ халқындағы сондай есімдерге тоқталып өтсек. Қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты "Ибраһим".Ал Ибраһимге "Абай" деп оның тапқыр да шешен анасы Ұлжан еркелетіп атаған.Содан бері бұл есіммен Абай тарихта қалды."Абай" есімі қазақ халқында "абайлағыш,ойшыл" деген мағынаны береді екен.Ал оны "Телғара" деп жеңгелері атаған екен. Аты аңызға айналған Қорқыт ата есімінің шығу тарихы «Қорқыт ата» кітабында: «Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп,елдің зәресін қашырған күн болыпты» делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі – құт - береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді. Қорытындылай келе,"атына заты сай" демекші,бұл есімдердің иелері өздерінің ерекше есімдерімен ғана емес,дара тұлғасымен тарихта қалды дегім келеді.
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку