Dlana
03.02.2022 21:48

Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз. 1- мәтін
Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет және қоғам қайраткері,
ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі.
Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-әңгіме, өлең- жырларын,
шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың,
әсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-
шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Әкесі Әлібек шешен, сауатты және ел әңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте
есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан әкесіне еріп
жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты,
әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты
абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бидің әділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді.
Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп,
шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып,
Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған.
2- мәтін
Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың белгілі би-шешені, мемлекет және
қоғам қайраткері. Орта жүздің төбе биі.
Қазыбектің әкесі Келдібек кезінде елді аузына қаратқан белгілі шешен, би болыпты. Анасы
Тоқмейіл де ұтымды да тапқыр сөйлейтін зерек жан екен. Кішкентайынан осындай ортада өскен
Қазыбек бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек», «Алты
Алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.

Қазыбек жасынан ел әңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Әке тәрбиесі мен би-
шешендердің әсер-ықпалы да көп көмек етеді. Жастайынан ел билігіне араласып, адалдықты
жақтайды, әділеттілікті, бейбіт жолды қалайды.
Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, Тәуке,
Әбілмәмбет, Семеке хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне белсене араласты.
Төле, Әйтеке билермен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті
ұйымдастырушылардың бірі болып, елдің азаттығы үшін аянбай тер төкті. Абылай
жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға елшілікке барған.
Сондай-ақ ол Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге араласып,
аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған мәмілегер ретінде танылды.
«Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деп, бейбітшілік пен достықты дәріптеп,
елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.

Салыстыру аспектісі 1-мәтін 2-мәтін
Мәтіндердегі ұқсас
эпизодтар

1. 1.
2. 2.
3. 3.

Екі мәтінге ортақ идея

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
6996nya
14.12.2020 18:04

Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан

0,0(0 оценок)
Ответ:
verakong
13.04.2023 19:13

Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]

Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.

Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота