AKA1111173
21.03.2022 02:41

СОСТАВИТЬ ЖОСПАР ПО ТЕКСТУ Қазақстанда екі опера және балет театры бар. Біріншісі — Абай атындағы Қазақ Мемле-кеттік академиялық опера және балет театры. Бұл театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып,
өз репертуарын М.Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спекта-
клімен бастады. 1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді» қойылымы көрсетілді.
Театрдың алғашқы құрамында театрдың қабілетті, дарынды әртістері — Әміре Қашаубаев,
Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Бай-
сейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін олардың көбі
«Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері» атанды.
1944 жылдан бері театр шымылдығын жыл сайын А. Жұбанов пен Л. Хамиди бірігіп жазған «Абай» операсымен ашады. «Абай» операсы атақты опера сахналарында қойылды.
Екіншісі — «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театры, «Астана Опера» театры
«Біржан-Сара» операсымен ашылды. Ондағы басты рөлдерді Ресейдің еңбек сіңірген әртісі,
Татарстанның халық әртісі, тенор Ахмед Агади (Біржан ролінде) мен Қазақстанның халық әртісі
Нұржамал Үсенбаева (ақын Сара рөлінде) ойнады.
«Астана операның» жалпы аумағы — 61 163 шаршы метр. Ол 4 блоктан тұрады. Жобаның
авторы сәулетші Ренато Аркетти грек-рим мен қазақтың ұлттық сәулет дәстүрін жақсы
үйлестірген. Ғимараттың сыртқы қасбеті «Сицилия інкуі» мәрмәрiмен қапталған. Театрдың
бас кіре берісі маңдайшасына қола квадрига — төрт пар ат жеккен қос доңғалақты арбаның
үстінде қолына лира ұстаған сақ патшайымы — Томиристің (Тұмар) мүсіні қойылған.
Бұл мәтін бойынша диалог құру.
Көмек керек достар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daria19802
24.12.2020 16:36

«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.

Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Света20177
15.12.2020 21:07
Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота