
Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.
Мен әдеттегідей ерте астанаша 7.00 -да тұрып,беті-қолымды жуып,тісімді жуып болғасын,денені қыздыру жаттығуларын жасаймын!Бұл маған ұйқымды ашуға кқмектеседі. Одан соң таңғы асымды ішкеннен кейін ,7.50 де үйден шығып,кейде көлікпен,кейде автобуспен мектепке барамын.Сабақ 09.00 басталады.Одан соң 15.00 -де аяқталады.Сабақтан кейін түскі асымды ішіп,қосымша сабақтарға барамын немесе өзімнің хоббиіммен айналысамын.Кешке сабақ оқып болғасын,асымды ішіп ертерек ұйықтаймын!Міне,менің күндерім осылай өтеді!
Объяснение:
Өзіңіздің тұратын қалаңызға байл.уақытта өзгертуіңізге болады.