ответ: бұл малымет(абай (ибраһим) құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
абай шығыс пен батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. философиялық трактаттар стилінде жазылған «қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
объяснение: бұл омырбаян(
абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі семей облысының шыңғыс тауларында қарқаралының аға сұлтаны құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі ұлжаннан туған.
ақынның арғы тегі орта жүз тобықты арғын ішіндегі олжай батырдан басталады. олжайдан айдос, қайдос, жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. айдостың айпара деген әйелінен: ырғызбай, көтібақ, топай, торғай, деген 4 ұл туады.бұлардың әкесі момын, шаруа , ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. ☺️☺️☺️
Наурыз туралы.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Үйде де әжем бізге Наурыз көже пісіріп, ыстық бауырсақпен керемет көже іштік. Апам да шайға тәттілер әзірлеп, шелпек пісірді. Көршілерді қонаққа шақырып, бірге отырып шай іштік. Наурыз – біздің сүйікті мейрамымыз.