Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Автор туралы қысқаша түсінік. Д.Кристал 1987 жылы «Тілдердің Кембридж энциклопедиясын», 1995 жылы «Ағылшын тілінің Кембридж энциклопедиясын» шығарған. 1997 жылы «Ағылшын тілі - әлемдік тіл» деген еңбегі жарық көрді.
Д.Кристал - жазушы, журналист, лектор, профессор, Британияның Уэлс аймағының азаматы, оның төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер санатына жатады.
... Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 - негізгі тіл, 4000-ға жуығы - сол тілдердің диалектісі). Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ - негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.
... Бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. 1990 жылдардың ортасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде мынадай оқиға болды. Оны Англияның қатер төнген тілдер қорының мүшесі Брюс Кондель әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданында касаба тілінде сөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өткен. Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді.
Д.Кристал - жазушы, журналист, лектор, профессор, Британияның Уэлс аймағының азаматы, оның төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер санатына жатады.
... Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 - негізгі тіл, 4000-ға жуығы - сол тілдердің диалектісі). Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ - негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.
Объяснение:
..Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.
ананын ышынен тауып жаз или мынаны жаз ; ..Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.