
1. Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?
Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Демек, пайдасы көбірек болып тұр.
2. Ия, менің пікірімше, қазіргі жастарда ғаламторға деген тәуелділік бар.
3. Ғаламторға деген тәуелділіктен бірден құтылу қолдан келмес. Бірақ, күнделікті пайдаланатын уақытты аздап азайтып отырса және тек қажет уақытында ғана жұмыс жасап, бүкіл бос уақытты сарп етпесе, біртіндеп құтылуға да болады.
4. Әлбетте, білеміз және оны әрдайым жадымызда ұстау керекпіз.
4 Тапсырма.
Интернеттен ақпарат іздемес бұрын біз негізгі үш нәрсемен таныс болуымыз керек. Олар w.., іздестіру жүйелері және MS Internet Explorer. WWW тақырыбы ғаламтор мағынасын, ақпарат түрін және web құжатты қарайтын программалық құрылғыны қамтиды. Ал іздестіру жүйелеріне келер болсақ, олар қазіргі таңда кеңінен тараған және олардың ең танымалдары – goog..., ramb... және ya Сонымен қатар ақпарат іздеген кезде браузердің қызметтік мүмкіндіктері мен браузер терезесінің жұмыс істеу ережесін білу қажет.
Ал диаграммада келтірілген ақпаратқа келер болсақ, сауалнама келесідей нәтижелер көрсетті: сауалнамаға қатысқан адамдардың басым бөлігі бос уақыттарын әлеуметтік желіде өткізеді, келесі көрсеткіш спортпен айналысатын адамдар саны, ал кітап оқып, бос уақытында достармыен кездесіп, теледидар көретін адамдар саны бірдей десек болады.
Объяснение:
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/