Объяснение:
Жері байдың — елі бай.
Жердің сәні —
Егін,
Ердің сәні —
Білім.
Жегіп жегін,
Ексең егін,
Ішерсің тегін.
Диқаншы жерін мақтайды,
Балықшы көлін мақтайды,
Кәсіпқор кенін мақтайды.
Жер тоймай,
Ел тоймайды.
Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.
Қыс азығын жаз жина.
Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен.
Тамыр тартқан — тарықпас.
Жемісті ағаштың басы төмен.
Қос жүре түзелер.
Берген алар, еккен орар.
Егінші жылда арманда,
Балықшы күнде арманда.
Не ексең, соны орарсың.
Күріш арқасында күрмек су ішер.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Шегірткеден қорыққан егін екпес.
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
Сулы жер —
Нулы жер,
Бұлақты жер —
Тұрақты жер.
Толықсып аққан дария —
Мейірбанды қария.
Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады.
Егінші — мәрт,
Жер — жомарт.
Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңған болмай боз болмас.
Көл жағалағанның,
Көні кеппес.
Күріш азса,
Күрмек болар.
Соры бар жігітке,
Сортаң жер кез болар,
Айналасы ойпаң жер кез болар.
Көлдің көркі —
Құрақ.
Таудың көркі —
Бұлақ.
Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал.
Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
Орақшының жаманы,
Орақ таңдайды.
Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында.
Шаруа болсаң,
Қос етегің кең болсын.
Диқан жауында тынады,
Балықшы дауылда тынады.
Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін.
Сабағы жаман дақылдың
Дәні де жаман.
Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді.
Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.
Мәуелі ағаш — майысқақ.
Жеті тоқсанда жер мұздайды.
Егін ырыс таңдамайды.
Еңбек таңдайды.
Егініңді дөңге сал,
Дөңге салсаң — көңге сал.
Балық бәсін алады.
Елін есесін алады
Әйел — ерімен,
Диқан — жерімен.
Су — семіз,
От — арық.
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.
Жаздың қамын қыс ойла,
Біройлама, үш ойла.
Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан[3].
Объяснение:
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].