
мұхтар мұқанұлы мағауин (2 ақпан 1940, баршатас ауылы, аягөз ауданы, шығыс қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. филология ғылымдарының докторы, мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), қазақстанның халық жазушысы (1996)1967-1971 жылдары "жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, қазақ кср ғылым академиясының м.әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, мәскеуде м.горький атындағы әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
.
Ноғай Ордасының жер аумағы Еділ мен Жайық аралығында болды. Орталығы Жайықтың төменгі ағысы бойындағы қазіргі Атырау жанындағы Сарайшық қаласында орналасты. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық әкімшілік пен сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. XVI ғасырдың соңында Дон және Еділ қазақтары қаланы басып алып, тонауға ұшыратты.
Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында түпкілікті түрде оқшауланды. Ноғай Ордасының шегаралары сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысына қарай ноғайлар «өзбектер» жеріне жылжыды. Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп жатқан Әбілқайыр ноғайларға қарсылық көрсетпеді. Ноғайлар оның бодандары санын толтырады деп үміттенді.