Ayshalike
18.02.2020 12:20

Жазылым. Берілген сұрақтарға жауап беру a. Ертеде адамдар табиғаттың сырын үйренуді армандады ма?
ә. Етістіктің неше шағы бар?
б. Геологтар нені зерттейді?
г. Қандай мамандықтарды білесіз? В. Кімге ұқсағың келеді?
д. Д. Жолжақсынов кім?
ж. Қандай мамандықтар ұнайды?
помагите !


Жазылым. Берілген сұрақтарға жауап беру a. Ертеде адамдар табиғаттың сырын үйренуді армандады ма? ә.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
julyazolotko20
03.08.2021 11:03
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі - академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты. 

Өмір жолы. Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады. 

Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады. 

Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарьш, "өлеңші бала" атанады. 

1918 жылы бірқатар жаңашыл мұғалімдерден дәріс алады. 1919 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсын бітіріп, ауылда аз уақыт мұғалім болады. 

Кеңес өкіметінің жұмысына араласады. 1919-1922 жылдары ел арасынан астық жинау науқандарына қатысады, Ақмола губерниялық комитетінде әр түрлі қызметтерде болады. 1922 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) түседі. Бірқатар орыс ақындарының шығармаларымен танысады. 1926-1928 жылдары әр түрлі баспа, ба з орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне түседі. Бірақ тұрмыстың ауыртпалығынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы Мәскеудегі қызыл профессура институтын тәмамдайды. Алматыға оралып, "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторлығына тағайындалады. 1936-1937 және 1941-1954 жылдары Қазақстан Жазушылары одағын басқарады, 1937-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады. 

1973 жылы қайтыс болады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Yorfound
24.04.2023 21:34
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота