1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызға өз сөзіңізбен жауап беріңіз. Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
2-тапсырма. Мәтіннен түбір және туынды сөздерді теріп жазып, құрамына қарай белгіле
Батаны аталар, әжелер, жалпы қадірлі үлкен кісілер береді. Бата қуаныштың ретіне қарай беріледі. От басына амандық, молшылық тілеп, күнделікті дастархан басында беріледі. Жастарға өмір, бақыт, білім тілеу, сапарға шыққандарға ақ жол тілеу. Тойларда, тойдың себебіне байланысты: тіл ашар , тұсау кесер, бесік той, шілдехана, құрбан айт, ораза айт, туған күн, үйлену тойының баталары. Бата мен тілек ұқсастығы жақсы тілектер айтылуы, айырмашылығы батаны бір адам береді, тілекті барлық адам айта береді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку