Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды.
Сөздік құрам мен сөздік қордың айырмашылығы
1. Сөздік құрам мен сөздік қордың айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам не лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен терминдер де, әдеби сөздер мен ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздер де, диалектілер де, кәсіби сөздер де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөз қабаттары енеді. Сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді: сөздік құрам сөздердің қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп, ең алдымен, екі салаға бөлінеді. Ал сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу сипатына қарай:
Объяснение: