brandt04
16.06.2021 15:28

тапсырма. Мәтінді оқы.Күрделі зат есім мне дара за есімді тап А.П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде аса ұтымды эпизод енгізген. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ой- лайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты. Өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі: шылым тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім бол- мапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастап- ты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап оты- рып, селк етті де, мұңайған дауыспен: Мен енді шылым тарт- паймын... – деді». -

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Evelina0889
04.12.2022 21:51

ответ

-Ассалаумағалайкум ата!

-Уағалейкүм балам!Қандай жұмыспен келдің?Айта бер

-Жақында бір мақала оқыдым.Ол жерде Ең жақсы мамандыққа үміткірлерді жазып,пікірталас ұйымдастырыпты.Жасыңыз үлкен ,көпті көргенсіз деп сізден жөн сұрап келдім.

-Иә,бұл өзекті сұрақ! Ең бірінші мамандықтың адамға пайдасы болу қажет.Екіншіден ол жұмысқа деген құлшынысың мен сүйіспеншілігің болу қажет.Ең жақсы мамандық -сенің жүрегің мен ақылыңды бір дәрежеде ұстап тұратын мамандық.

-Сізге көп-көп рақмет айтамын!Осы айтқаныңызды мақалаға жазып қояйын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kulvera75
18.05.2023 00:21

Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.

Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.

Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз. Түрлі адамдармен араласып, көңіл көкжиегімізді кеңейтеміз.  Кейіннен күліп отырып еске алатын мыңдаған естеліктер жадымызда қалады. Яғни алдымызға мақсат қоюдың өзі ғана емес, мақсатқа жету жолы да маңызды рөлге ие. Өзіне ұнайтын, адам үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға жету жолының өзі адамды шабыттандырады. Сәйкесінше әр сәттен ләззат алып, бақытты сезінеді. Ал мақсатқа жету адамның үнемі сол жолда әрекет етуін, үлкен ерік-жігерін талап етеді. Ол ерлік кездескен қиындықтарды жеңуге, басқалардың пікіріне тәуелді болмауға, ештеңеге қарамай алға ұмтылуға көмектеседі.

Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай? Меніңше, олар өзара өте тығыз байланысты. Мақсат армандардан туатын секілді. Мақсат нақты әрекеттерді талап етсе, арманда еркіндік, абстрактілік басым болады. Мүмкіндіктеріңе, байлығыңа, қабілет-қарымыңа қарамай армандай беруге болады.  Бала күнімізде бәріміз де армандадық, соның біраз бөлігі өмірлік мақсаттарға ұласты.

Мақсаттар әр түрлі болып келеді. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді; адам өмірінің әр саласына байланысты да бөліне береді. Сонымен қоса, өмірдің әр кезеңінде актуалды болатын мақсаттар болады. Мәселен,  оқушы кезде жақсы оқып, аттестат алу болса, одан кейін жақсы мамандық иесі болу, отбасын құру, балалы болу, көлік алу, үй салу, т.б. Сәйкесінше әр адамда бірнеше мақсат болуы да мүмкін.

Менің қазіргі таңдағы басты мақсатым – жақсы мамандық иесі болу. Дәрігер болғым келеді. Адамзатқа сол салада пайдалы болуды – негізгі мақсатым деп білемін. Жарасын таңып, ауруын аз да болса жеңілдеткім келеді. Қай кезеңде, қай заманда болсын, бұл мамандық өзінің маңыздылығын жоймайды. Адамзат өз ісінің білгірі ақ халатты абзал жанға қашанда зәру. Ал үлкен мақсатыма жету үшін, бар күшімді салып сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін: тек баға үшін ғана емес, білікті маман болу үшін, өз ісімнің шебері болуым үшін. Кішкентайдан армандаған мамандығым енді негізгі мақсатыма айналып отыр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота