kirya451
17.03.2021 19:40

1 Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз. А) Топқа түсу. B) Баппен сөйлеу. С) Әдемі қала. D) Арлы кісі. E) Шамалы ас. 2 Болымсыздық есімдікті белгілеңіз. A) Әлдекім. B) Әлдеқалай. C) Ешқайсысы. D) Қайсыбір. E) Мүмкін. 3 Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз. A) Нешінші? B) Қанша? C) Нешеу? D) Қай шамасы? E) Нешеден? 4 Туынды сын есімді атаңыз. A) Қара. B) Көк. C) Биік. D) Таза. E) Ашық. 5 Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз. A) Маңайда. B) Клубтан. C) Көркемөнер. D) Мектептің. E) Сөзге. 6 Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз. A) Үйлерге. B) Қонақтар. C) Атыңыз. D) Темірсің. E) Таумен. 7 Белгісіздік есімдікті табыңыз. A) Бәріміз. B) Баршамыз. C) Біздің. D) Қайсыбіреу. E) Өзіміздің. 8.Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз. А) Тарс. B) Мұра. C) Бұлақ. D) Ана. E) Тілек. 9 Жіктелген зат есімді анықтаңыз. A) Баламын. B) Сендер. C) Қайтыңдар. D) Еліңіз. E) Баласы. 10 Сілтеу есімдігін белгілеңіз. A) Он, алтау. B) Тақ, жүз. C) Үйде, кеште. D) Осынау, анау. E) Бүгін, кеше. 11 Негізгі етістікті анықтаңыз. A) Боса. B) Түне. C) Ойна. D) Қой. E) Ескер. 12 Ашық жуан буынды белгілеңіз. A) Аз, босат. B) Ұқ, ұт. C) Аға, бала. D) Бел, бол. E) Бөл, нан. 13 Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз. A) Мектеп, орта. B) Кітап, дос. C) Есіл, Іле. D) Астана, көрініс. E) Мұғалім, мектеп. 14 Жатыс және ілік септік жалғаулары бар сөйлемді табыңыз. A) Қызғалдақ қырдың сәні. B) Қызғалдақ өте әдемі гүл. C) Елімізде қызғалдақтың көп түрі бар. D) Қызғалдақ көктемде гүлдейді. E) Қызғалдақ Наурыздың символы. 15 Тәуелдік жалғауының бірінші жағында тұрған сөйлемді белгілеңіз. A) Мен қаламмен дәптерге жазу жаздым. B) Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын. С) Ата-анасы Әлібекке ақылды болуды үйретті. D) Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Е) Қазақ халқы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. 16 Заттың түрін-түсін білдіріп тұрған сын есімді сөз тіркестерін анықтаңыз. A) үлкен үй, кең бөлме B) жуас бала, сұлу қыз C) ақ қағаз, қызыл көйлек D) дәмді тамақ, тәтті шырын E) түзу жол, биік тау 17 Мағынасына қарай есімдіктің түрлері A) нег

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Гммммм
03.10.2020 12:28

Салт — дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт — дәстүрмен, өнегелі әдет — ғұрыппен, ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, батырлық, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт — дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт — дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн — жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.
Әрбір қазақ ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Ұлан-ғайыр даланың заңдылығын сақтай отырып,  мәдениет пен ізгі қасиетке толы ата дәстүрімізді көздің қарашағындай сақтап келген. Қазақ халқы бастарына қандай да қиындық тумасын ата дәстүрімізді сақтаған, әлі де сақтап келеді.

Қазақ елі  — қуанышын көпшілік жамағатпен бөлісе білетін, бір – бірін қолдаған  қасиетті халық.

Сондықтан қазақ халқы кішкентай қуанышына шашу шашып, жиған-тергенін тойға беретін пейілі кең, дархан халықпыз. Шашуды кез келген қуаныш тойларда шашады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AsunaUmi
08.09.2021 15:44

Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота