адина56
22.01.2020 05:17

Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырдым. Сосын Жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының ЗИЯН екенін айтты. Сосын тіс дәрігеріне бардым. Ол менің тістерімді тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза ұста», деп кеңес берді. Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын. Көз дәрігеріне бардым. Ол көзімді тексерді. Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма, теледидарға жақын отырма», деп кеңес берді. Менің тiстерiм таза, көзім алыстан да, жақыннан да жақсы көреді. Отбасы дәрігері маған: «Сенің денсаулығың жақсы. Жарайсың!» — деді. Ал сен емханаға барасың ба? 4 -тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Сөз екпінін қойып оқы. Мәтінді екінші жақтан баянда. Мысалы: Мен емханаға бардым. Сен емханаға бардың. Мәтіннен үстеулерді тап, түрлерін ажырат.
емханаға бардым. Отбасы дәрігері тексерді. Отбасы дәрігері жүрегімді тыңдады. Мен қан тапсырдым. Дәрігер кеңес берді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
antoshaskoroboanton
28.06.2022 21:22
 МенІң емтиханға дайынмын! Я готова сдавать экзамены
Емтихан тапсыру ол бүкіл менің алған білімімді қортындау деп түсінемін.Емтихан тапсыруға үлкен психологиялық дайындық қажет.Кейде басқа да жағдайлар кедіргі жасайды, мысалы қобалжу-  дайындалған оқушы ,білген тақырыбын айталмай немесе жаза да алмайды.Мен емтиханды тапсыруға дайынмын, себебі сабақтармен және емтиханға дайындық уақытымды барынша пайдаланамын.   бүкіл күшімді соған саламын,бұл менің мектептегі алған білімімнің қортындысы.Менің ата-анам мені емтиханды  жақсы тапсырума тілектес.
0,0(0 оценок)
Ответ:
CURTER
23.07.2020 07:54
Пиза мұнарасы (итал. Torre pendente di Pisa) — 12 — 14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Пиза мұнарасы Пиза қаласында орналасқан. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 — 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. 1275 жылы арх. Джованни ди Симони құрылыс жұмыстарын қайта жаңғыртып, бесінші қабатқа дейін көтерді. 1350 жылы арх. Томазо ди Андреа мұнара құрылысын аяқтап, қола шатырмен жапты. Осылайша Пиза мұнарасы сегіз бұрышты, 11 м биіктіктегі негіз үстіне орнатылған балкондары бар, 6 қабаттан тұратын қоңыраулы мұнараға айналды. Бірінші қабаты тұтас қабырғалардан тұрады. Ал үстіңгі алты қабаты аркада әдісімен, колонналармен әшекейленген. 1964 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұнараны қисайған қалпында құлатпай ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453 т. Қазіргі көлбеулігі 5 °. (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар. Координаттар: 43°43′22.74″ с. е. 10°23′46.71″ ш. б. (G) (O)
1964 жылы 27-ақпанда Италия үкіметі Пизан мұнарасын сақтап қалуға бағытталған ең жақсы жобаға конкурс жариялады. Пизан мұнарасының ұшар басы күннен-күнге өз негізінен ажырап барады. Сарапшылар кішкене жер сілкінісі нәтижесінде ортағасырлық іргетас опырылып түсүі мүмкін деп қорқуда. Пизанның ең басты мәдени ескерткішін сақтап қалуға бағытталған жобалар жан-жақтан келіп түсті. Тек 1999 жылы ғана инженерлік жұмыстар ойдағыдай жүргізіле бастады.
АҚШ-тағы Иллинойс штатындағы Найлс қаласында Пиза мұнарасының дәл көшірмесі тұрғызылған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота