21ololoha
16.07.2020 18:43

Мәтіннің негізгі бөлімінде айтылған ойды анықта Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?
Менің жауабым: программист!
Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық
мамандар қажет.
Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына
грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері
бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын.
Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі
жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп
бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей
жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын
бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям
бар. Today.kz ақпараттық порталының ІТ-менеджері болып жұмыс жасаймын.
сис
ho
Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді
Алға
у
Қандай мамандықты оқыған дұрыс
ІТ-менеджері болып жұмыс жасаймын

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
захар188
06.11.2020 02:40

Күйші туралы.

Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.

Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.

Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.

Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
megalolka21
14.05.2020 11:54
Қыс 
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. 
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. 
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота