vlad070504
04.10.2021 23:04

Берілген суреттер бойынша мәліметтер қарастырыңдар. сілтемесін көрсетіңдер Және мнау авторлардың аттарын айтып кетіңіздерші өтініш


Берілген суреттер бойынша мәліметтер қарастырыңдар. сілтемесін көрсетіңдер Және мнау авторлардың атт

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
крабик0507059
30.12.2021 06:00

ответ:1. “Тақиялы періште”

2. “Дала қызы”

3. “Атаманның ақыры”

Барлығы да Шәкен Аймановтың кинолары.

1. “Тақиялы періште» — кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы. Режиссёрі — Шәкен Айманов. Тұсаукесері 1969 жылы өтті. Фильм Алматы қаласында түсірілген. Сюжеті:

«Тақиялы періште» деп фильмнің басты кейіпкері — география пәнінің мұғалімі Тайлақты еркелетіп атайды. Тайлақ — алпамса денелі, періште мінезді, кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Сонымен қатар, Тайлақ тіпті дастарқан басында өзінің сүйікті тақиясын басынан тастамайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет» - деп пайымдайды.

2. «Дала қызы» — толық метражды көркем фильм. 1954 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған. Режиссері- Шәкен Айманов, Карл Гаккель. Кинода қарапайым қазақ әйелінің батырақтан ғылыми қызметкерге дейін өткен жолы туралы сөз етіледі.

3. “Атаманның ақыры" - детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмнің негізгі тақырыбы - отаншылдық. «Атаманның ақыры» — толық метражды, екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. 1920-21 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота