АняЕнот
07.05.2021 23:26

15-20 минут деңгейлері: оры Орындау уақыты: 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойыңызды анық жеткізіңіз. Таланттар тоғысқан шаңырақ Бүгінгі күні Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқыған да, оқымаған да арманда болып тұр. Есілдің сол жағалауындағы «Шабыт» шығармашылық сарайына қоныс тепкен білім мен өнер ордасында оқушылар мектептен кейін колледжде, колледжден кейін университетке түсуге мүмкіндігі бар. Тіпті бакалавриат, магистратура сатыларын бітіргенше оқуын жалғастыра алады. Оған университеттің материалдық-техникалық базасы толығымен жеткілікті «Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы және әр буынның өзіне лайық студиялары жұмыс істейді. Орган залының өзі ірі орталыққа айналды. Орталық Азия бойынша сирек кездесетін үздік орган залында небір ірі жарыстар мен фестивальдер өткізіліп, атақты органшылар өнер көрсетеді. Қазіргі күнi университет дамудың жаңа жолына түскен. Білім ордасында мектеп-колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 және магистратурада 15 бағдарлама бойынша мамандар әзірлейді. Оқу орнында тек 2010 жылдың өзінде жаңа өнер мамандықтары ашылды: мәдениеттану, өнертану, хореография, кескіндеме, мүсін, режиссура (көркем және деректі кино), операторлық өнер, сценография (киім дизайны, грим-визаж), кітапхана ісі. Сонымен қатар, 6 факультет жұмыс істейді: музыка; театр, кино және ТВ; дәстүрлі музыкалық өнер; хореография; бейнелеу өнері; әлеуметтік- гуманитарлық ғылым. Университет шәкірттері жыл сайын Австрияда, Венада, Ватиканда, Сан- Бартоломеода өтетін халықаралық конкурстарда топ жарып, жүлдегер атанып, ел мерейін асқақтатып жүр. Бүгінгі күнге дейін жастар 500 халықаралық байқаудың, 400-ден астам республикалық сайыстың лауреаттары атанып үлгерген. ҚазҰӨУ-де сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеп жүрген оқытушылар да осал емес. Олардың басым көпшілігі елімізге танымал тұлғалар. Атап айтқанда, Е.Рахмадиев, К.Дүйсекеев, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, Қ.Байбосынов, Ә.Сығай, Б.Нөгербек, Ә.Тарази, Р.Мұқанова, Т.Әліпбаев сынды өз кәсібінің білікті мамандары өз шеберліктерінің қыр-сырын шәкірттерге үйретіп келеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Goldman2017
12.05.2022 08:07
Менің жақсы көретін құсым аққу. Қазақ  халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде санаған.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. 
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. 
Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
0,0(0 оценок)
Ответ:
alobatsevi4
12.05.2023 12:45
Павлодарда үш кинотеатр бар: "Ертіс синема", Ш. Айманова атындағы кинотеатр және жаңа салынған "Фестиваль синема" кинотеатры. Менің ойымша олардың ішіндегі ең жақсысы - "Ертіс синема". Cебебі, онда жаңа "Dolby atmos" деп аталатын көпарналы дыбыс бар. Иә, бұл функция "Фестиваль синема" кинотеатрда да бар, бірақ осы кинотеатрда кино көрсететін залдары кіп-кішкентай."Ертіс синема" кинотеатры попкорн мен сусындарға шектеу қойған жоқ, ол басқа да тағамдарды сатады. Сондай қызмет көрсету басқа кинотеатрларда жоқ. Осы кинотеатрдың жанында парктар, жағалау, қоңақ үйі бар. Ол қаланың ортасында орналасқан, сондықтан адамдарға өте қолайлы нақ оған баруға. "Ертіс синема" - тамаша кинотеатр!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота