Менің мектебім. Менің атым Аида. Мен екінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар. Менің сынып жетекшім Шелудько Татьяна Алексеевна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз, ребустарды шешеміз. Ал, қазақ тілін Жумакаева Сауле Ертаевна береді. Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. Мұғалім бізбен қазақша сөйлеседі. өлеңдерді жаттаймыз. Жиі қазақ ойын ойнаймыз. Мен «Алтын сандық» ойынын ұнатамын. Мектепте көптеген мерекелер өтеді. Біз би билейміз, үн саламыз. Мен өз мектебімді жақсы көремін.
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді.
Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку